Революцияға дейінгі Қазақстан жәрмеңкелері туралы жеті қызықты фактілері

Біз Қазақстанның географиясы мен тарихы туралы танымдық жазбаларымызды жалғастырамыз. Бұл жолы мақаланың тақырыбы революцияға дейінгі көтерме сауда негізі – сол кездегі Қазақстандағы жәрмеңкелер болады.
4 декабря 2017  22:57 Отправить по email
Печать

Біз Қазақстанның географиясы мен тарихы туралы танымдық жазбаларымызды жалғастырамыз. Бұл жолы мақаланың тақырыбы революцияға дейінгі көтерме сауда негізі – сол кездегі Қазақстандағы жәрмеңкелер болады. Мәліметтер Қазақ КСР қысқа энциклопедиясынан (1, 1985 ж.), Канделаки И. «Ресейлік саудадағы жәрмеңкелердің рөлі» (Санкт-Петербург, 1914) және басқа да дереккөздерден алынған.

Бірінші. Биржалардың, дүкендердің және тұтастай тұрақты сауда желілерінің дамуына дейін еліміздің басты сауда алаңдары жәрмеңкелер болды. Тауарлардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы өнімдері болғандықтан, олар белгілі маусымдық сипатқа ие болды және жылдың белгілі айларында өткізілді. Жәрмеңкелердің екі түрі болды – көбінесе бөлшек саудамен айналысатын ауылдық және көтерме сауда жүргізілетін губерниялық. Жалпы Ресей империясында XX ғасырдың басында 18 452 жәрмеңке өткізілді. Бір қызығы, тауар айналымының көлемі ең ірі болған жәрмеңкелер Ресей империясының еуропалық бөлігінде емес, Поволжье, Орал, Сібір және Қазақстанда болды.

Екінші. Жәрмеңкелерді басқару Сауда жарғысына сәйкес жүзеге асырылды (Ресей империясының заңдарының кодексі, 11-том). Бірақ ірі жәрмеңкелер барлық іс-әрекеттерін реттейтін өз ерекше ережеге ие болған. Жәрмеңке басқаруын үш орган жүзеге асырған: уәкілдер жиналысы, жәрмеңке комитеті және жәрмеңке кеңсесі. Уәкілдер жиналысы жәрмеңкеге қатысқан барлық саудагерлердің таңдаушыларынан тұрған және жәрмеңкенің негізгі мәселелерін шешкен. Жәрмеңке комитеті атқарушы билік пен тікелей басқаруды жүзеге асырған –мәмілелерді рәсімдеуге жәрдемдесетін және төлемдер мен жинақтарды жинайтын. Жәрмеңке кеңсесі жәрмеңке инфрақұрылымын және оның сапасын бақылап, оқиғалардың қауіпсіздігін қадағалауды жүзеге асырайтын. Сонымен қатар дауларды шешу үшін төрелік соттың және арбитраждың функцияларын атқаратын әділ сот болған. Жәрмеңкенің барлық басқару органдары сайланбалы және өзін-өзі қаржыландыратын болған. Мысалы, Қазақстанның шағын жәрмеңкелерінде жәрмеңке комитеті қалалық әкімшіліктің өкілдері, ветеринар, екі қазақ және екі ресейлік сауда өкілдерінен тұратын.

Үшінші. Жәрмеңкелердегі сауда айналымы көлемін түсіну үшін, оларды шамамен келесідей бағалауға болады – 19-шы ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында қарапайым жұмысшының жалақысы айына 10 рубль болатын, ал ең арзан трактирде түскі ас 10 тиын шағында болатын. Яғни, Ресей империясының 1 рублінің сатып алу қабілеттілігі қазіргі 10 000 теңгені құрайды. Осының негізінде Қазақстандағы ең ірі жәрмеңкелердің өткізілген уақыты көріп тауар айналымын бағалауға болады (Ресейдегі ең ірі Нижегородская жәрмеңкесінің айналымы шамамен 160 млн рубль, ал екінші ірі Ирбит жәрмеңкесінің айналымы шамамен 25 млн рубль болды):

  • Орынбордағы Меновническая жәрмеңкесі (1-ші қыркүйектен 1-ші қарашаға дейін) – 14 млн руб.
  • Акмолинсктегі (қазіргі Астана) Константиновская жәрмеңкесі (1-ші мамырдан 10-шы шілдеге дейін) – 3 млн руб.
  • Аулие-Ата қаласындағы (қазіргі Тараз) Аулие-Атинская жәрмеңкесі (1-ші мамырдан 1-ші шілдеге дейін) – 3 млн руб.
  • Қарқаралы маңындағы Қуандинск-Ботовский жәрмеңкесі (25-ші мамырдан 25-ші маусымға дейін) - 2-3 млн руб.
  • Семейдегі Семипалатинская жәрмеңкесі (15-ші желтоқсаннан 1-ші қаңтарға дейін) – 1,8 млн руб.
  • Оралдағы Орал жәрмеңкесі (20-шы мамырдан 20-шы маусымға дейін) – 2 млн руб.
  • Бөкей ордасындағы көктем хан жәрмеңкесі (9--шы мамырдан 19-шы мамырға дейін) – 1,4 млн руб.
  • Темір қаласындағы Темір жәрмеңкесі (20-шы мамырдан 20-шы шілдеге дейін) – 1 млн руб.
  • Троицк қаласындағы Троицкая жәрмеңкесі (1-ші шілдеден 1-ші қазанға дейін) – 1 млн руб.
  • Орск қаласындағы Орск айырбас жәрмеңкесі (1-ші маусымнан 1-ші қазанға дейін) - 1 млн руб.

Төртінші. Қазақтардың жәрмеңкеде сатқан негізгі тауарлары – мал (қой, жылқы, түйе, сиыр), жүн, былғары, тері (қасқыр, түлкі, суыр, сусары, т.б.) жылқының қылы. Олар мата, галантереялық тауарлар, шай, жарма, астық, ұн, қант, шай, ағаш өнімдерін, түрлі үй аспаптарын, қару-жарақ пен ату жарақтарды сатып алатын. Сондай-ақ, осы жәрмеңкелерде Орталық Азия мен Иранның тауарлы сатылатын – ол мақта және жібек маталары, кептірілген жемістер, кілемдер, қаракөл (елтірі), ыдыс-аяқ, алтын, күміс, асыл және жартылай асыл тастар және т.б. Қазақтардың сатқан қойлары терімен еттің ғана көзі болған жоқ, одан май алатын. Сол «мұнайсыз» дәуірде қойдың майы киттің және итбалықтың майымен қатар барлық майлар мен жағармайлардың орнын басатын. Етке қарағанда май көбірек бағаланатын.

Бесінші. Ресей империясында Қазақстан аумағы бойынша сауда маршруттары негізінде оңтүстік-солтүстік бағытта қалыптасқан, сонда екі негізгі бағыт болған –Орталық Азиядан Орынборға дейін және Орталық Азиядан Семей арқылы Сібірге дейін. Кейінірек, осы ескі керуен жолдарының негізінде аумақтың екі негізгі темір жолы салынды – Орынбор-Ташкент теміржолы және Түркістан-Сібір теміржолы.

Алтыншы. XIX ғасырдағы жәрмеңкелердің қарқынды өсуі арқасында қазақтар арасында екі сауда классы қалыптастырылды. Біріншісі ол саудагерлер – үлкен жабдықтау желісі бар жәрмеңкеде саудалайтын көтерме саудагерлер. Екіншісі алыпсатарлар – бөлшек саудамен айналысатын сатушылар. Алыпсатарлар, орыс көпестері секілді көктемде ауылдарды аралап тауарларды қолхатқа сатып, күзде төлемді жабу үшін қара мал алатын (осыған ұқсас механизм қазіргі заманда фьючерс арқалы жүзеге асырылады). Олар – саудагердің приказчигтері немесе жеке сатышулар болатын. Бірақ негізінен жәрмеңкеде орыс, татар, Хиуа және Бұхара саудагерлерді сауда жасайтын.

Жетінші. 18-ші ғасырдың соңы мен 19-шы ғасырдың бірінші жартысында жәрмеңкедегі сауда көбінесе алмастырғыш болатын, ал негізгі төлем бірлігі – бір жылдық қой (ісек) болатын. Екі жасар қой (құнан) бір жарым ісектей тұратын , ал үш жастағы қошқарды (дөнен) екі ісектің бағасына сатылатын. Содан кейін, 20-шы ғасырдың екінші жартысында жәрмеңкелерде төлемдерді тек қана ақшалай қаражат арқылы жүргізе басталды, ол әртүрлі ақшалай салықтар мен алымдарды төлеу қажеттілігіне байланысты.

Подписывайтесь на наш канал в Telegram или в Дзен.
Будьте всегда в курсе главных событий дня.

Комментарии читателей (0):

К этому материалу нет комментариев. Оставьте комментарий первым!
Нужно ли ужесточать в РФ миграционную политику?
Какой общественно-политический строй в России?
43% социалистический
Подписывайтесь на ИА REX
Войти в учетную запись
Войти через соцсеть